12:38, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалпыуниверситеттік тіркеу бөлімі ашылды
АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалпыуниверситеттік тіркеу бөлімі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа ашылған бөлім студенттерге оқу жұмысы жөнінде кез келген сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, кеңес те ұсынады. Сонымен қатар жаңа жүйе студенттерді ақпаратпен толыққанды қамтамасыз етеді және студенттің аттестациясы кезінде кикілжің оқиғаларды болдырмауды қадағалайды. Бөлімше қызметкерлері студенттер мен оқытушыларға тіркелуге, студенттердің үлгерімін көрсететін транскриптерді таратуға жауапты. «Бұл жүйені енгізудегі негізгі мақсат - факультеттермен қарым-қатынас орнатып, студенттерге таңдаған мамандығы бойынша сапалы білім алуға барынша көмектесу», дейді университет өкілдері. Айта кетерлігі, бұндай жүйе әлемдегі ең ірі оқу орындарының барлығында да бар.