Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің пәндік олимпиадасы өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақпанның 16-сы күні Алматыдағы Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің пәндік олимпиадалары басталады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары оқу орынының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқушылар арасындағы бұл пәндік олимпиаданы өткізудің басты мақсаты - ҚазҰУ-дың студенттерін таңдау тұжырымдамасына сәйкес дарынды абитуриенттерді алдын-ала іріктеу. «ҚазҰУ-дың пәндік олимпиадалары» деген бұл жобаны жоғары оқу орны Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жүзеге асырмақ. Бұл шара кезінде университеттің оқытушы- профессорлары облыс орталықтарына арнайы іссапармен баратын болады. Онда шет аймақта тұратын дарынды балалар үшін Алматыға келмей-ақ, ҚазҰУ-ға оқуға түсуге мүмкіндік беру көзделіп отыр. Бұл олимпиада қазақ тілі, орыс тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, математика, физика, химия, биология, тарих (Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы), география пәндері бойынша өтеді. Әр пән тапсырмалары 9, 10, 11 сыныптардың мектеп бағдарламасын қамтиды және тест немесе ашық түрдегі тапсырмалар пішінінде дайындалады. Тапсырмалар қазақ және орыс тілдерінде даярланған. Аймақтарда пәндік олимпиадаларды өткізу университет өкілдері мен факультеттердің пәндік комиссиясының жалпы жетекшілігімен жергілікті органдармен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асады. Талапкерлер облыстарда өтетін пәндік олимпиадалардың кестесі, тіркелу ережелері мен тапсырмалары жөніндегі толық ақпаратты университет сайтынан (www.kaznu.kz) таба алады. Пәндік олимпиадалардың жабылу рәсімі сәуірдің 16-сында болады деп жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар