Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Елбасының халыққа Жолдауы талқыланды

АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамы мен белсенді студенттер Елбасының Жолдауын талқылап, көзқарастарымен бөлісті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Елбасының халыққа Жолдауы талқыланды

Жиын барысында Жолдауда әлеуметтік жағдайға ерекше көңіл бөлінгендігі жайлы сөз қозғалып, білім беру, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту, таза ауыз сумен қамтамасыз ету және тағы басқа мәселелердің шешім табуы әр қазақстандық үшін аса маңызды екендігі талқыланды.

Қарашаңырақ ұжымы Елбасының білім саласын жаңғырту жолындағы жасаған ұсыныстарын толықтай қолдады. Жолдауда ЖОО-ның білім және ғылым саласындағы сапасын арттыру жолдары айтылған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Елбасының ЖОО-ға қойған басты талаптарын алға тартты. Жолдауда негізінде екі университет дүние жүзі бойынша үздік ЖОО рейтингінің құрамына кіру керек делінген. «Біз бар білгенімізді жинақтай отырып Елбасы Жолдауында қойған талаптарға жауап беруге тырысамыз», - дейді ректор.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар сапалы білім беру жүйесі Қазақстанның индустриялық және инновациялық саласын дамытушы құрал ретінде әрдайым алда жүру керектігін айтты.

Жолдауға қолдау көрсету мақсатында университеттің барлық факультеттері мен кафедраларында студенттер мен оқытушылар арасында белсенді түрде талқылау істері өтіп жатыр.