Әл-Фараби атындағы мемсыйлық: Іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі БАҚ-та жарияланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия сыйлықты алуға ұсынылған 6 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен танысқан. Бұдан бөлек, мына бағыттағы үш секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарын қарады:

медицина ғылымдары бойынша;

қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша;

жаратылыстану ғылымдары және металлургия бойынша.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2020 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


Соңғы жаңалықтар