Альпі тауында қар көшіп, оқиға салдарынан 7 адам опат болды

АСТАНА.  Желтоқсанның  28-і. ҚазАқпарат -   Өткен демалыс  күні   итальяндық  Альпі  тауында   қар  көшкіні  орын  алып,  оқиға салдарынан жеті адам    опат болды.
None
None

Олардың    екеуі - туристер,   төртеуі - құтқарушылар.   Опат болғандардың  ішінде  бір    бала бар,  деп хабарлайды ANSA  және  AFP   агенттіктері.

Бірінші  оқиға Италияның  солтүстік-шығысында, Трентино-Алто-Адидже ауданында   орын  алды,  деп  хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.  Сенбі күні  онда  екі  итальяндық турист  пен  оларды  іздеуге аттанған төрт құтқарушы     қаза тапты. Олардың   денелері жексенбі күні таңертең табылды.

Сол  маңда,  тағы бір қар көшкінінің салдарынан    таудағы курортқа  ағасы алып  келген 12  жасар неміс баласы    қайтыс болды.

Қалың  жауған   қар  мен   температураның  көтерілуі салдарынан     Альпі тауларында қар  көшкіні қаупі күшейіп  отыр.   Жергілікті  өкімет  бесбалдық    бағам бойынша аймақта төртінші   деңгейдегі  қауіп-қатер жариялап отыр.  

Соңғы жаңалықтар