Альянс банк нарықтағы өз үлесін ұлғайтуды жоспарлап отыр - Басқарма төрағасының орынбасары

АЛМАТЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Альянс банк» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2013 жылға дейінгі стратегия бойынша нарықтағы үлесін арттырмақ. Оны банк басшылары бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін банктің жағдайы дұрысталды деп айта аламыз. Енді біздің алдымызда дағдарыс кезеңінде жоғалтқан позицияларды қайтару міндеті тұр. Нарық өзгешелігін ескеріп, біз әмбебап банк ретінде дамуды жоспарлап отырмыз. Бірақ шағын және орта бизнес үшін көбірек көңіл бөліп, арнайы бағдарламаларды ұсынамыз, дейді «Альянс банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасының орныбасары Шолпан Нұрымбетова. Оның айтуынша, банк жеке тұлғалардың депозиттері бойынша қоржынды 9,3 пайыз, несиелік қоржынды 11,3 пайызға ұлғайтып, заңды тұлғалардың депозиттік портфелін 4 пайызға, шағын және орта бизнеске несие беруді 11,1 пайызға дейін көтермек.

Соңғы жаңалықтар