Альянс банк жаңа қаржылық жоспарын жасамақ

АЛМАТЫ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Альянс банкі жыл соңына дейін жаңа қаржылық жоспарын жасамақ. Бүгін Алматыда банктің басқарма төрағасы Ерік Сұлтанқұлов осылай айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Сеймар Альянс» қаржылық корпорациясы» АҚ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына банктің жай акцияларының 76 пайызын қаржы дағдарысы ұзаққа созылуына байланысты сатып отыр. Егер ол биыл аяқталғанда акционерлер бұдан басқаша шешім қабылдайтын еді. Олар бұл шешімді банктің капиталын ұлғайтудағы акционерлердің мүмкіндігінің шектеулілігі мен сырттан ресурс тартудағы қиындықтардың 2011 жылға дейін созылуы мүмкін болғандықтан ғана қабылдаған. «Нарықтағы ахуал күрделенетін болса, бұл қадамға біз бәрібір келесі жылы баратын едік. Сондықтан оны ертерек бастап отырмыз. Келісім бойынша банктің негізгі стратегиясында өзгеріс болмайды», дейді Ерік Сұлтанқұлов. Оның пайымдауынша, мұндай жағдай қазір әлемнің дамыған елдерінде де көрініс табуда. Жалпы қаржы нарығында бүгінгі таңда мемлекет ең негізгі инвестор болып отыр. Сол себепті әзірге ұлттық қормен банктің капиталын ұлғайтуға қатысты нақты келісім жасалмағанымен, жыл соңына дейін жаңа қаржылық жоспар жасалмақ. Басшылық жүйесіндегі өзгерістер енді тек корпоративтік басқару жүйесіне байланысты жасалуы мүмкін. Жалпы қазіргі таңда банктің дауыс беруші акцияларының 76 пайызы - «Қазына-Самұрық» қорында, 8 пайызы - «Сеймар Альянс» қаржылық корпорациясында, ал 17 пайызы Лондон қор биржасында айналыста жүр.
Соңғы жаңалықтар