«Альянс банктің» биылғы жылы қайтаратын сыртқы қарызының жалпы көлемі 564 миллион долларды құрайды

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанқұлы/ - «Альянс банкінің» биылғы жылы төлейтін сыртқа қарызының жалпы көлемі 564 миллион долларды құрайды. Бұл жайлы банктің Директорлар кеңесінің төрағасы Марғұлан Сейсенбаев бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз екі айдың ішінде шетелдегі өз борышымыздың 200 миллион долардан астамын төледік. Қазір енді 350-360 миллион доллардың көлеміндегі қарыз қалды. Жалпы банктің несие қоржынына бүгінгі таңда ай сайын 9-11 миллиард теңге қаржы түсіп отыр. Бұл біздің бұған дейін беріп келген несиелеріміздің қайтарымы», - дейді Марғұлан Сейсенбаев. Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін несие қоржынына 1 миллиард доллар шамасында қаражат қайтып келуі мүмкін. Бұл «Альянс банктің» сыртқы қарызын қайтаруға толық жетеді. Алайда банк сыртқы қарызды қайтарумен ғана шектеліп қалмауы қажет. Әрдайым несие беріп отырмаса, клиенттер банктен кететін болады. Ал экономиканы қаржыландыру - банктің негізгі жұмысы. Сондықтан ол клиенттерге жаңа несие бермей отыра алмайды. Сол себепті де мемлекетке өз акциясын беру арқылы барлық бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алып отыр.
Соңғы жаңалықтар