15:54, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Альянс банктің сыртқы қарызы 3,9 миллиард теңге ? басқарма төрағасы
АЛМАТЫ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Альянс банктің сыртқы қарыздарының көлемі қазір 3,9 миллиард долларды құрап отыр.

Оны бүгін Алматыда банктің басқарма төрағасы Ерік Сұлтанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«500 миллион доллар қарызды қайтардық. Ал кірген ақша тасқыны 100 миллион долларды құрап отыр, соның есебінен сыртқы қарызды қайтаруға өз күшіміз толық жетеді. Ал депозитке құйылған қаражат арқылы клиенттерді несиелендіріп, несие қоржынын ұлғайтуымыз қажет», дейді «Альянс банктің» басқарма төрағасы Е. Сұлтанқұлов. Оның сөзіне қарағанда, қазір 12 мың жеке тұлғалық салымшылары бар. Қараша-желтоқсан айларында олар банкке 11 миллиард теңге депозит салған.