Алакөлде электр желісін жөндеп жатқан жұмысшы көз жұмды

АЛАКӨЛ. ҚазАқпарат - Алматы облысында электр желісін жөндеп жатқан жұмысшы көз жұмды. Оқиға Алакөл ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алакөлде электр желісін жөндеп жатқан жұмысшы көз жұмды

«Алакөл ауданы бойынша «ТАТЭК» АҚ компаниясында жоспарлы Талдықорған-Өскемен тас жолының 110 кв-тық электр желісімен қиылысқан жерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуі барысында төтенше жағдай болды... Жұмыс жүргізу барысында апатты жағдай болып, бір қызметкер көз жұмды», - деп жазды Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев желідегі парақшасында .

Қазіргі уақытта ауданда электр жарығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.