Алакөлге құлаған дельтаплан: Комитет арнайы тергеу жүргізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Азаматтық авиация комитеті Алакөлге құлаған дельтапланға қатысты мәлімдеме жасады.  

ұшақ
Фото: видеодан алынған кадр

«Бүгін 25 шілде кешкі 17:15 кезінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр» деп хабарлады комитеттен.

Ведомство сондай-ақ осы авиациялық апат бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады.

Еске сала кетейік, біз Алакөлге дельтаплан құлап, екі адам зардап шеккенін жазған едік.  

Соңғы жаңалықтар