«Алаш Прайд» халықаралық турнирде аралас жекпе-жек бойынша әлем құрамасын жеңді
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат -Қазақстанның ұлттық құрамасы «Алаш Прайд»
Алматыда өткен ММА-ның аралас жекпе-жек бойынша халықаралық турнирінде әлемдік құраманы тізе бүктірді. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.
Күннің басты кездесуінде қазақстандық спортшы Асылан Тоқтарбаевтың ушудан үш дүркін әлем чемпионы филлипиндік Ролдан Сангча-анға шамасы келмеді. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды, филиппиндік техникалық нокаутпен жеңді.
Жалпы есепте қазақстандық команда 7:3 есебімен жеңіске жетті.