«Алатау» арнайы экономикалық аймағында құны 300 млрд теңгеге жуықтайтын 32 жоба қабылданды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағында құны 298 млрд теңге болатын 32 жоба жүзеге аспақ. Жаңа экономикалық аймақ келер жылдан бастап жұмыс жасайтын болады.
None
None

Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлфия Балова айтты. Оның айтуынша, арнайы экономикалық аймақтың құрылысы аяқталуға жақын. Биыл аталған аймақта инфрақұрылым жүргізу жұмыстары аяқталады. Бүгінде жұмыс республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыға кеп тіреліп отыр. Қажетті қаржының 80 пайызы алынды. Келер жылы аймақты көгілдір отынмен қамту жұмыстары басталады. «Сондай-ақ тек республикалық қаржыға қарамай, қосымша инвесторлар тарту жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Аймақ 7 бөлікке: машинажасау кәсіпорындары, құрылыс индустриясы, фармация, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, химиялық өнеркәсіп деп бөлінген. Қазірдің өзінде құны 298 млрд теңге болатын 32 жоба мақұлданды. 11 жоба бойынша орналасу жұмыстары жасалып жатыр. 5 кәсіпорын болашақ зауыттың іргетасын салуда. 2016 жылы кәсіпорындардың көпшілігі жаңа аймаққа қоныс аударады», - деді Ә.Балова. Айта кету керек, аталған жаңа экономикалық аймақта индустриалдық дамудың 2015-2020 жылғы екінші бесжылдығына кіретін бірнеше зауыт пен өндіріс орындары орналасатын болады.

Соңғы жаңалықтар