Алатау ауданында жыл басынан бері 4 үшем өмірге келді

   АЛМАТЫ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат/Ерлік Ержанұлы/ - Биыл жыл басынан бері Алматы қаласының Алатау ауданында 4 үшем өмірге келді. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алатау ауданының 1 жылдық мерейтойында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында  Ахметжан Смағұлұлы  Роза, Күләш, Бибігүл есімді үшемді өмірге әкелген Есбол Отанбаев пен Бақыт Боранбаеваға 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Қала әкімінің айтуынша, былтыр қала бойынша 3 үшем туылған еді. Биылғы жарты жылдың өзінде олардың саны 5-ке жетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар