Алатау ауданының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров аудан аумағындағы «Ұлжан», «Қарасу» елді мекендерінің тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алатау ауданы өткен жылдың шілде айында құрылған. Бүгінде мұнда 161 790 тұрғын қоныстанған. Құрылғаннан бергі уақытта аудан аумағында жалпы саны 438 түрлі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Оларда жыл қорытындысы бойынша 23,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұл бағытқа 8 миллиард теңге инвестиция тартылған екен. Жаңа аудан аумағында соңғы уақытта «Арзан», «Домиллион», «Азия» сынды ірі сауда орындары бой көтерген. Басым бөлігі жаңа салынған үйлер болғандықтан ауданда жарық, су, газ, телефон тарту сынды жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ балабақша, мектеп сияқты жаңа нысандар да бой көтерген. Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орындары, аудандық әкімшілік, түрлі органдардың ғимараттары салыну үстінде. Бұл жұмыстарды жалғастыру мен ауданды одан әрі дамыту үшін қала бюджетінің 5-тен бір бөлігіне жуық ? 5 миллиард 151 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржы аурухана, мектеп, балабақша салу, жолдарды жөндеу, көріктендіру, инфрақұрылымдарды жетілдіруге жұмсалмақ.Кездесу барысында аудан тұрғындары қала әкімі мен аудан әкіміне сұрақтар қойып, сауалдарына жауап алды. Тұрғындардың сұрақтары негізінен жер телімдері мен үйлерді заңдастыру, қоғамдық көлік бағыттарын жолға қою, су, газ, жарық мәселелері тұрғысында болды.«Бұл ауданда шешілмеген мәселе көп. Сондықтан қала бюджетінің басым бөлігін осы ауданға бағыттап отырмыз. Айтылған мәселенің барлығы ретімен, жоспарлы түрде, заң негізінде шешіледі», - деді қала әкімі аудан тұрғындарына.
Соңғы жаңалықтар