Алатау ауданының бюджеті биыл екі есеге ұлғайып отыр

АЛМАТЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда өткен жылы жаңадан құрылған Алатау ауданына биыл қала бюджетінен 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінбек.
None
None
Бұл жайлы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындармен есеп беру кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Алатау ауданында жарты жылдың ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты қажетті құрылымдар құрылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне баса көңіл бөлінуде. Ауданды дамыту үшін былтыр 2,5 миллиард теңге бөлініп, «Ақбұлақ», «Көкқайнар» ықшамаудандарында қара жол салынып, 9 шақырымдық жолға асфальт төселді», - дейді Ахметжан Смағұлұлы. Қала әкімінің сөзіне қарағанда, былтыр сондай-ақ «Дарқан» және «Ұлжан» ықшамаудандарына газ жүргізіліп, мектеп салынды және «Шаңырақ» ықшамауданында балабақшаның құрылысы аяқталған. Енді биылғы жылдың бюджетінде «Ұлжан» ықшамауданында балабақша, «Шаңырақ-2» ықшамауданында емхана салуға және инженерлік коммуникациялар мен жолдарды жөндеуге қаржы қарастырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар