Алатау қаласында боран салдарынан зақымданған нысандар түгенделіп жатыр
АЛАТАУ. KAZINFORM — Алатау қаласының әр аумағында қатты желден инфрақұрылым зақымданған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, кеше түнгі уақытта болған боран салдарынан инженерлік желілер зақымданып, түрлі нысандардың шатыры ұшқан.


Ағаш құлау деректері де бар.

Әкімдік тұрғындардан істен шыққан желілер бойынша жергілікті атқарушы органға хабарласуды сұрады.


— Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Инженерлік желілердің зақымдануы туралы ақпаратты +7 707 631 95 70 нөміріне WhatsApp арқылы жолдауларыңызды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.


Еске салайық, Қонаев қаласында да қатты желден тұрғын үйлер мен инженерлік желілерге зақым келді. Бүгін қалада 1-11-сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.