«Алау» шаруа қожалығының иесі Ж.Исаева «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында өз ісін ашып отыр - ШҚО

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Малев селолық округіндегі «Алау» шаруа қожалығының иесі Жанат Исаева «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйреніп, өз ісін ашып отыр.
None
None

Кәсіпкер қазақтың ақ бас тұқымды сиырын өсіруді қолға алды, деп хабарлайды pm.kz сайты.

 «2011 жылдың қыркүйек айынан бері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысып келемін. Зырянов және Өскемен қалаларының базарларында ет өнімдерін сату үшін ірі қара мал өсіру туралы жобаны ұсындым. Малев селолық округіндегі жоғары өнімді ірі қара мал басын арттыруды мақсат етіп отырған бұл жоба өзін-өзін ақтайтын болады», -дейді Жанат Исаева.

Кәсіпкердің айтуынша, қазір мал қораларының құрылысы бітті, таңдаулы тұқымды 60 бас бұзау сатып алынды, 10 жұмыс орны құрылды.

«Жақын арада қасапхана цехының құрылысын бастаймыз. Бұл мақсатқа мен 3 млн. теңге несие алдым. Енді біз ауылымызда жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, ауданымыздағы қазақтың ақ бас сиырының тұқымын көбейтетін боламыз», - деді жоспарымен бөліскен Ж.Исаева.

Соңғы жаңалықтар