18:51, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Алаяқтар банктен 184 млн. теңгені ұрлады ? ОҚО
ШЫМКЕНТ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Бір топ алаяқтар екінші деңгейлі банктердің оңтүстікқазақстандық филиалынан 184 млн. теңгені ұрлаған.
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.Төрт сыбайластан тұратын қылмыстық топты 56 жасар ер адам құрған. 2006-2007 жылдар аралығындағы бір жыл ішінде олар кепілдік мүлікке арналған жалған құжаттарды жасаған және оларды кепілдікке қойып несиелер алған. Алаяқтар қарыз ақшаны қайтаруды ойларына да алмаған, іс жүзінде жоқ кепілден айырылып қалудан қорықпаған. Осындай істің нәтижесінде қылмыстық топ «Каспий банкінен» ? 32,8 млн. теңге; «Темірбанктен» ? 20,1 млн. теңге; «Нұрбанктен» ? 29,8 млн. теңге; «АТФ Банктен» ? 30,2 млн. теңге; ««ТұранӘлемБанктен» ? 40,5 млн. теңге; «Цеснабанктен» ? 22 млн. теңге; «ЦентрКредит Банктен» ? 8,9 млн. теңге ұрлаған.
Топты ұйымдастырушы мен оның мүшелеріне қатысты «Ірі көлемдегі алаяқтық» 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.