Алаяқтар банктердің бірінен 161,7 млн. теңге жымқырған

АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті әртүрлі банктердің бұрынғы екі қызметкеріне қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алаяқтар банктердің бірінен 161,7 млн. теңге жымқырған
Олар алдын-ала ымыраласып банктердің бірі үшін тиімсіз қаржылық операцияны қасақана жүргізген. Олар келтірген зиян 161,7 млн. теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сонымен қатар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің директорына қатысты «Ұйымдардың салық төлеуден жалтаруы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол декларацияны толтыру кезінде табыстары туралы қасақана бұрмаланған деректерді енгізіп, мемлекетке 866,8 млн. теңге сомасында салық төлемеу түрінде залал келтірген.