14:15, 14 Қаңтар 2010 | GMT +5
Алаяқтар Гаитидегі қайғылы жағдайды пайдаланып, табыс таппақ
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Интернетте Гаитиде орын алған қайғылы жағдайды пайдаланып, пайда табуға тырысып жатқан алаяқтар пайда болды,

деп хабарлайды РСН агенттігі. Федералдық тергеу бюросының (ФТБ) хабарлауынша, алаяқтар зілзаладан зардап шеккендерге көмекке ақша жинаймыз деп сайттар ашуда.
ФТБ адамдарды сондайлардың алдауына түсіп қалмауға, әлеуметтік желілерден түскен хаттар мен сауалдарды мұқият тексеруге кеңес беруде.