Алаяқтықпен күрес: ҰҚК Кореяның 14 азаматын ұстады
АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылы 23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Аталған елдің құқық қорғау органы оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру үстінде.
Олардың тұрғылықты жерлерін тінту нәтижесінде заңсыз әрекетті жүзеге асыру үшін қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды.
-Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, делінген хабарламада.
Осыған дейін Ақтөбе облысында алаяқтардың ақшасын криптовалютаға айналдырған топ ұсталғаны туралы жаздық.