Албандық суретші Саймир Страти Гиннестің рекордтар кітабына төртінші рет еніп отыр
АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Өзінің креативтілігімен аты шыққан албандық суретші Саймир Страти Гиннестің рекордтар кітабына төртінші рет еніп отыр.
Бұл жолы ол Майкл Джексонның келбеті түріндегі үлкен мозайкасы үшін наградаға лайық деп танылды. Рекордтық туындының көлеміне келетін болсақ: ұзындығы - 10 метр, ені - 2,6 метр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Жексенбі күні Албанияның орталығы - Тирана қаласында Саймир Стратиге Гиннестің рекордтар кітабының атаулы сертификаты табыс етілді.
«Жүзімнен тәж киген және гитара тартып, күнмен және теңізбен қатар билеп тұрған Ромео» деп аталатын туындысын ол тәулігіне 14 сағаттан еңбек етіп, 28 күннің ішінде жасап шығарған болатын. Шебердің бұл туындысы көлемі мен түсі әртүрлі 229 764 шөлмек тығындарынан жасалды.
Суретші сондай-ақ 500 мың шегеден 8 шаршы метр ауданға Леонардо да Винчидің портретін «салып», әлемге танылып еді.