Әлібек Ахмедьяр жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Ахмедьяр Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр
Фото: gov.kz

– Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Азамат Жолманов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Әбіл Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды.

 

Соңғы жаңалықтар