Алдағы демалыста күн суытып, қар жауады

Қазгидромет синоптиктері 7-9 қазан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

ауа райы
Фото: ҚазАқпарат

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде синоптикалық жағдайға фронттар ықпал етеді. 

Соның салдарынан найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады, Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен дымқыл қар жауады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады. 

Елдің көптеген аймақтарында ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы, 7 қазанда солтүстікте жекелеген аудандарда 1 градусқа дейін үсік сақталады.

Күндіз елдің солтүстік жартысында 10-20, оңтүстік жартысында – 15-27 градус жылы болады. 

Нөсер жауынан кейін Алматы әуежайындағы шатырдан су ақты
Ұқсас жаңалықтар

Нөсер жауыннан кейін Алматы әуежайындағы шатырдан су ақты