Алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады

Қазгидромет синоптиктері 3-5 қазан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ауа райы
Фото: Қазгидромет

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел болады.

Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында ғана Солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашын жаумйды, күн ашық.

Республика бойынша тұман түседі.

Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды. 

жер сілкінісі
Ұқсас жаңалықтар

Қытайда жер сілкінді