Алдағы үш күнде ауа температурасы 35 градусқа дейін ысиды

ауа райы
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 30 мамыр — 1 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында, 1 маусымда батысында атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады.

Салдарынан найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады. 

Еліміздің оңтүстігінде жоғары қысымның ықпалымен жауын-шашын тоқтайды. 

Баренц теңізінен келетін жоғары қысым аймақтарға жайылып, салдарынан түнде және таңертең минус 3 градусқа дейін үсік жүреді. 

Жалпы республиканың басым бөлігінде күндіз ауа температурасы жоғарылайды. 

Республиканың батысында, оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 22-27 градусқа дейін бірте-бірте көтеріледі.

Шығыс облыстарда ауа температурасы 10-20 градусқа дейін төмендейді.  

Соңғы жаңалықтар