Алдағы үш күнде 40 градус аптап ыстық болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 13-15 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

ауа райы
Фото: Kazinform

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде фронттарға байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Жаңбыр, найзағай және екпінді жел болжанады, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауады.

Ең қарқынды жаңбыр 13-15 маусым аралығында шығыста және орталықта болады, ал 14 маусымда еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын жауады. 

Күндізгі температура еліміздің батысында — +33+40°С, солтүстігі, орталығында — +20+28°С-тан +25+30°С-қа дейін, оңтүстігінде — +27+35°С-тан +30+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында — +22+30°С-тан +25+35°С дейін, ал шығыста — +22+30°С-тан +20+28°С-қа дейін аздап төмендейді. 

Соңғы жаңалықтар