Алдағы үш күнде жауын-шашынды болады
АСТАНА. KAZINFORM – Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай болады.
27 мамырда еліміздің батысында, 27-28 мамырда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында, 28 мамырда солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады.
26-27 мамыр түндерінде елдің шығысында 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Температуралық фон біртіндеп төмендейді: күндіз батыста +16…+28°С, солтүстікте және орталықта +18…+25°С, шығыста +23…+30°С, ал оңтүстікте +20…+27°С болады.
Айта кетелік 26 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы жазған едік.