Алдағы ақпан айында Елбасы - «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Назарбаевтың қатысуымен республикалық депутаттар форумы өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгінде Астана, Алматы және еліміздің барлық аймақтарында басталған «Нұр Отан» ХДП-ға мүше депутаттар форумының нәтижесі бойынша, ақпан айында Елбасы - партия Төрағасы Н.Назарбаевтың қатысуымен республикалық депутаттар форумы өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр Отан» ХДП-ның ресми өкілі Оксана Петерстің мәлім еткеніндей, қаңтар айында аймақтарда партияға мүше барлық деңгейдегі депутаттар «Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен қазақстандықтардың игілігі үшін: біз елдің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз» атты форум өткізе бастады. Ол ақпан айында да жалғасатын болады. «Ондағы мақсат - партияның халықтық тұғырнамасын іске асыру барысын талқылау. Әлемдік қаржы дағдарысы салдарына қарсы тұру әрекеттерін жүйелі түрде жоспарлау. Партиялық құрылымдар тарапынан халықтық платформаның орындалуына бақылауды күшейту. Айта кетерлігі, 2008 жылы ғаламдық дағдарысқа қарамастан, еліміздің экономикасы, саяси жүйесі мен әлеуметтік саласында маңызды реформалар жүзеге асырылды. Бірде-бір әлеуметтік бағдарлама қысқартылған жоқ. Тиісті деңгейде қаржыландырылды. «Нұр Отан» партиясы ел Үкіметінің дағдарысқа қарсы жоспарының іске асырылуын үнемі өз бақылауында ұстайтын болады», - деді ол. Депутаттар форумы осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Астанада өткізілді. Ел аумақтарын қамтитын шара одан әрі жалғаса береді.
Соңғы жаңалықтар