Алдағы Азиадаға 11 спорт түрінен спортшылар іріктелді - Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетов
А. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Азия Олимпиадалық кеңесінің талаптарына сәйкес республикалық антидопингтік лаборатория қазіргі заманғы медициналық-диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдағы Азиадаға қатысу үшін 1 спорт түрінен 156 спортшы-кандидат іріктелінді. Олар бүгінде 122 халықаралық жарыстарда, сондай-ақ еліміздегі және шет елдердегі 177 оқу-жаттығу сайыстарында қатысты. Атап айтқанда, спортшылардың жағдайын Қазақстан мен Ресейдің 25 ғылым докторынан тұратын кешенді ғылыми топ ұдайы қадағалап тұрады», деді министр.
Министрдің сөзіне қарағанда, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылуы рәсімі Астанадағы жаңа жабық стадионда қаңтардың 30-ында өткізілмек. Ал жабылуы Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 6-сында ұйымдастырылады. Жалпы, аталған додалы сайыста 9 спорт нысандары жұмылдырылмақ. Оның төртеуі - Астанада, 1-еуі Алматы облысында, сонымен бірге қалған 4-еуі Алматы қаласында орналасқан.