Алдағы демалыс күндері аптап ыстық басылып, өткінші жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет мамандары 10-12 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр және бұршақ жауып, найзағай жарқылдайды, жел тұрады.

10-12 маусымда еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Қазақстанның шұғыл-континенттік климатында қалыптан ыстық температура айтарлықтай төмендейді.

Сонымен, ыстық солтүстікте, шығыста +20+29°С дейін, орталықта +20+33°С дейін, 11-12 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +23+28°С дейін бәсеңдейді.


Соңғы жаңалықтар