Алдағы екі жылда біз азық-түлік бағаларының қымбаттауына емес, арзандауына куә боламыз ? Үкімет басшысы

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы жылдары біз азық-түлік бағаларының арзандауына куә боламыз. Осы кезеңде біз отандық өнім өндірушілерге ерекше қолдау жасауға тиіспіз. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Егер бұған дейінгі жылдары біз азық-түлік бағасының себепсіз қымбаттауын алдын алатын болсақ, биыл біздің басты мәселеміз инфляция емес, дефляция болмақ. Алдағы екі жылда біз азық-түлік бағаларының қымбаттауына емес, арзандауына куә боламыз. Осы кезде біз отандық өнім өндірушілерге ерекше қолдау жасап, олардың өндірістерінің тоқтап қалмауын қамтамасыз етуіміз қажет. Сонымен қатар еліміздің ішкі бәсекелестігін сақтай отырып, біз сыртқы нарықпен бар байланысымызды үзіп алмауға тиіспіз», - деді К.Мәсімов. Үкімет басшысының айтуынша, еліміздің ауыл шаруашылық саласындағы шетелдік әріптестеріміз, көп ұзамай, белгілі бір себептерге байланысты протекционистік саясатты жүргізуді бастайды. «Сондықтан біз өнім өндіру ісінде отандық марканы сақтап қалуға міндеттіміз. Қазіргі кезде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға ерекше назар аударылып келеді. Сол себепті біз осы мәселеге негізгі басымдық жасауымыз қажет», - деді Премьер-Министр.
Соңғы жаңалықтар