Алдағы халық санағына жастардың да белсене қатысқаны жөн ? жастар жетекшісінің пікірі

ОРАЛ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Алдағы халық санағына жастардың да белсене қатысқаны жөн.

Алдағы халық санағына жастардың да белсене қатысқаны жөн ? жастар жетекшісінің пікірі
«Жас Отан» жастар қанаты облыстық бөлімшесінің атқарушы хатшысы Асланбек Сарқұлов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның пайымдауынша, халық санағы еліміз тұрғындарының қазіргі жай-күйінен мол хабардар етеді. Айталық, бұрынғыларға қоса қанша адамның компьютерлік сауаттылығы жөнінде де сауал қойылады. Қалада, сондай-ақ ауылда тұратын жастар, олардың арасында жұмыссыздар, жоғары және орта арнаулы білімі бары қанша екені туралы толық мағлұмат алынып, бұл жастар саясатын табысты жүргізуге мүмкіндік береді.