Алдағы күндері Астанада талапкерлерді кешенді тестілеу өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2015 жылғы 20 маусым мен 9 шілде аралығында кешенді тестілеуге қатысатын талапкерлерден өтініштер қабылдау жүргізілді. Астана қаласы бойынша жалпы 5755 өтініш келіп түскен, олардың 3374-і қазақ тілінде, 2381-і орыс тілінде. Сонымен қатар, мектеп түлектерінен 825 өтініш, 11 сыныптан кейін оқуға түскен техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің түлектерінен 1037 және 9-сыныптан кейін оқуға түскен техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің түлектерінен 3893 өтініш қабылданды.
None
None

Елордада талапкерлерді кешенді тестілеу шілде айының 18-23 аралығында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Қазақ ГЗУ-да өтікізіледі.

Еске сала кетейік, кешенді тестілеу талапкердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде 4 пән бойынша тапсырылады: қазақ немесе орыс тілі (оқыған тілі бойынша), Қазақстан тарихы, математика және таңдаған пән.

ҰБТ кезінде тест тапсырушыларға 3,5 сағат берілсе, кешенді тестілеу 2,5 сағатқа созылады. Тестілеу әр пән бойынша 25 сұрақтан тұрады. Жалпы сұрақтар саны - 100. Жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкер 70 баллдан жоғары жинауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар