Алдағы күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарынан ауысатын атмосфералық фронттар республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарының кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғуына және күндіз температураның 23-31º, орталықта +27-35º дейін төмендеуіне әкеп соғады.

Алдағы күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды. Осындай температура осы кезеңге орташа климаттық мән шамасында және одан 1-3º төмен болады.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында жексенбі және дүйсенбі күндері өткінші жаңбыр жауатындығына қарамастан, бұрынғыдай өте ыстық, максималды температура +35-45º, шығыста +33-38º, кей жерлерде +42º болады. Ол нормадан 5-8º жоғары.