Алдағы күндері нөсер жауынның арты қарға ұласып, 12 градусқа дейін аяз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 6-8 сәуір аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы күндері нөсер жауынның арты қарға ұласып, 12 градусқа дейін аяз болады

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты көрініс береді - 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақытта қатты жаңбыр жауады.

7 сәуірде Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның ықпалымен еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді.

Сондай-ақ жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде - тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ болжанады.

Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 аязға дейін, күндіз 5 аяз - 7 жылыға дейін төмендейді.