Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алдағы Лондон Олимпиадасына бара алатын нақты 117 үміткер бар

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы Лондон Олимпиадасына бара алатын нақты 117 үміткер бар. 

Алдағы Лондон Олимпиадасына бара алатын нақты 117 үміткер бар

 Бұл туралы бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру ісі агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Медицина және спортшыларды оңалту орталығының директоры Сагит Бабаев мәлім етті.

Оның хабарлауынша, бүгінде 110 спортшы арнайы медициналық тексерістен өтті. Жалпы, бүгінде Қазақстанда 64 лицензия бар. «бізде тек фармокологиялық заттардың жетіспеушілігі сезіледі. Сондықтан Үкіметтен осы мәселе бойынша қолдау көрсетуді сұраймыз», - деді С.Бабаев.