Алдағы отыз жылда әлемдегі халық саны 40 пайызға артатыны болжанады - А.Халбах
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Алдағы отыз жылда әлемдегі халық саны 40 пайызға артады.
Бүгін елордада ЕҚЫҰ аясындағы Шолу конференциясында «Мигранттарға қатысты төзімсіздік» сессиясында сөз сөйлеген Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның басшысы Анреас Халбах осылай деп мәлім етті.
«Мигранттар жаһанданудың адамзаттық көрінісі. Болжамдарға сенсек, осыдан отыз жылдан кейін әлемдегі халық саны 40 пайызға дейін артады. Бұның ішінде дамушы мемлекеттердегі халық саны күрт артып, олар шамамен 9 млрд.-қа дейін жетеді. Яғни, болашақта мигранттарға қатысты қысым күшейе түседі», деді ол.
Оның айтуынша, болашақта мигранттар саны артқан сайын, оларға қатысты проблемалар да күрделене түседі.