Алдағы тәуліктерде Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытады - Қазгидромет
АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» орталығы күннің суыту ықтималдығы туралы ескерту жариялады:
атап айтқанда, тамыздың 24-інде Қарағанды облысында өңірдің солтүстік-шығыс бөлігінде 0-2 градусқа дейін күн суытады деп күтілуде.
Сондай-ақ, 25-26 тамыз күндері түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде термометр бағамы 0-2 градус суыққа дейін төмендейді деп күтілуде. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл туралы «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап хабарлап отыр.