11:04, 18 Сәуір 2022 | GMT +5
Алдағы тәуліктерде жауын, бұршақ жауып күн салқындайды
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазгидромет 19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестердің жылдам ауысуы болжануда.
«Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтимал. Ал республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендейді. Солтүстік-батыс антициклоны, өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжиды. Елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы — түнде 3 градусқа дейін төмендейді. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады», - делінген хабарламада.