17:47, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алдағы түнде Оңтүстік Қазақстан облысында күн күрт суытады
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Алдағы түнде Оңтүстік Қазақстан облысында күн күрт суытады.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Оңтүстік Қазақстан гидрометереология орталығының директоры Махамбет Жазықбаев хабарлады. Бүгін таңертең облыстық төтенше жағдайлар департаменті бұл жөнінде ескерту жасады. Облыстың барлық жерінде қатты ызғарлы жел соғып тұр. Созақ ауданында желдің жылдамдығы секундына 24 метрге жетті. Түлкібас ауданында асуда қарлы боран ұйтқып соғуда. Ал түнде Созақ ауданында температура 20-25 градусқа дейін төмендеп, күшті жел тұрады деп күтілуде. Ал ертеңнен бастап ауаның темпаратурасы жоғарылап, желдің жылдамдығы бәсеңдей түседі.