Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алдағы үш күнде оңтүстікте 42 градус аптап сақталады, солтүстікте жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 18-20 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш күнде оңтүстікте 42 градус аптап сақталады, солтүстікте жауын жауады

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Соның әсерінен жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады.

18-19 шілдеде - батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде - солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

Осыған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады.