Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн жылынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 7-9 қазан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн жылынады

Алдағы үш күнде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды.

Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, күн ашық болады.

Тек шығыс пен оңтүстіктегі ауа райы циклонның кетуіне байланысты жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі.

Осылайша 7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын жауады.

Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Шығыста және орталықта — көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі, б атыста — шаңды соғады.

Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура - 10...18- ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта - 8...15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда - 15...20-ға дейін аздап жоғарылайды.