Алдағы жазда Рожков ауылының тұрғындары Орал қаласына көшетін болады

ОРАЛ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Алдағы жазда Рожков ауылының тұрғындары Орал қаласына көшетін болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Чинарев мұнайгаз конденсаты кенішінің игерілуіне байланысты аталмыш ауыл санитарлық қорғау аймағына еніп, оны көшіру қажеттігі туындаған болатын. Бұл жұмысты кенішті игеруге жауапты «Жайықмұнай» ЖШС өз мойнына алды. Қазіргі кезде Орал қаласына қарасты Зачаган кентінде 90 пәтерлік, алты қабатты үй құрылысы аяқталды. Бас мердігер «Отделстрой» фирмасына ауланы абаттандыру, кіреберіс жолды салу ғана қалды. Үйдің құны 540 млн. теңгені құрады. «Жайықмұнай» ЖШС бас директоры Вячеслав Дружининнің сөзіне қарағанда, ауыл тұрғындары қалаға бейімделіп кетуі үшін пәтерден басқа ақшалай өтемақы да алады. Сонымен бірге компанияда еңбек ететін отыздай тұрғын өз еңбек орнын сақтайды.
Соңғы жаңалықтар