"Алдар көсенің бастан кешкен қызықты хикаялары" деп аталатын жаңа көркем фильм көрерменге жол тартты

Оны фильм режиссері Бегайдар Шалдарбеков кеше Алматыда өткен таныстырылымда айтты.
"Бұл туындыны Шәкен Айманов өмірге әкелген әйгілі "Алдар көсе" фильмімен салыстыруға болмайды. Біз әйгілі кейіпкерді жаңа заманға әкеліп отырмыз. Қазіргі кезеңдегі Алдар көсенің оқиғасы әр мұңды, әрі күлкілі. Біз оның бастан өткізген оқиғалары арқылы қоғамдағы кейбір келеңсіздіктермен қалай күресуге болатынын көрсетуге тырыстық", - дейді Б. Шалдарбеков. Басты кейпікеркерлерді Бақытжан Әлпейісов, Әсет Омартегі, Гүлнар Байбосынова және тағы басқа да актерлар сомдаған бұл кинода түсірушілердің бүкіл отбасы мүшелері бірігіп көре алатын фильм жасау туралы мақсатына толық қол жеткізген. Алдағы уақытта ол енді мәдени қауымдастықтардың қолдауымен Ресей, Украина, Қытай, АҚШ сияқты шет елдердегі қазақтарға көрсетілгелі отыр.