Алдын ала деректер бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрттен адам шығыны болмаған - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Дамир Бәйменов/ - Алдын ала деректер бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрттен адам шығыны болған жоқ.
None
None

Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы Эльдар Райымбеков хабарлады.

Оның айтуынша, өрт шыққан өңірде болған мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері қауіпсіз қашықтыққа өз беттерінше барған.

Қазіргі уақытта ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мән-жайды анықтауда.

Соңғы жаңалықтар