Александр Бублик Монпелье турнирінің жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Александр Бублик
Фото: Sports.kz

Қазақстандық теннисші ширек финалда отандасы, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченкомен шеберлік байқасты.

Бұл қазақстандық теннисшілердің өзара алғашқы кездесуі еді.

Бірінші партияда Шевченко 6:4 есебімен басым түсті. Содан кейін Бублик күш алып кетті - 6:3, 6:4.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Бублик 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Шевченко 3 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Бубликтің жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Аргентина теннисшілерімен психологиялық тұрғыдан дайын болуы керектігі туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар