Александр Бублик Рим мастерс турнирінің екінші айналымына өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Рим (Италия) мастерс турнирін сәтті бастады. 

Александр Бублик Рим мастерс турнирінің екінші айналымына өтті
Фото: ҚР Теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты төмен тұрған ресейлік Роман Сафиуллиннің мысын басты – 6:3, 7:6 (7:4).

Бір сағат 38 минутқа созылған кездесуде Бублик 6 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді. Сафиуллин 1 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Бублик екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко рейтингіде 93-орындағы нидерландылық Йеспер Де Йонгтан ұтылып қалды – 2:6, 4:6.

Қазақстанның әйелдер арасында екінші, әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 жарысының екінші айналымында рейтингіде 74-сатыдағы румыниялық Жаклин Кристианға жол берді – 6:7 (2:7), 5:7. Тартысты өткен матч 2 сағат 7 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапониядағы турнирде 16 жастағы теннисшіні ойсырата ұтқанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар