Александр Лебзяк: Риода Ресей боксшылары үшін Қазақстан - басты қарсылас

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Ресей құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк Рио олимпиадасына қатысты өз пікірін білдірді.
None
None

- Біз ешкімнен қорықпаймыз, бірақ қауіптенеміз. Кубалықтар, қазақтар, өзбектер, пуэрто-риколықтар бар. Соңғы жылда әлемде бокс қарқынды дамып келеді.  Олимпиадаға Қазақстан, Украина және Кубадан баратын боксшылардың барлығы медаль алуға мүмкіндігі бар. Біз олимпиада кезінде үздік үштікке енуге тырысамыз, - деді ресейлік маман.

Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет олимпиадаға он жолдама алды. 

Айтжанов Қазақстан құрамасы олимпиадаға дейін бірнеше халықаралық жарысқа қатысатынын айтты, деп хабарлайды alaman.kz.

Соңғы жаңалықтар
Референдум